17 Сәуір, 2010

ӨҢІРДІ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМЫТУДАҒЫ ОҢ ҚАДАМДАР

505 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов Жетісу өңіріне келген іссапарын индустрия­лық-инновациялық даму бағ­дар­ламасымен өткен жылы құры­лысы басталған Іле ауда­нындағы “Жетіген-Қорғас” темір жол желісіндегі қолға алын­ған жұмыстармен танысу­дан бастады. “Индустрия­лан­дыру картасы” аясында облыста жалпы құны 1 трлн. 235 млрд. теңгені құрайтын 22 инвес­ти­циялық жобаны жүзеге асыру қарастырылған. Ағымдағы жы­лы жұмысы аяқ­талатын нысан­дардың тізіміне жалпы құны 15,9 млрд. теңге болатын 8 жоба енгізілген. Министр мен облыс әкімі Серік Үмбетов жалпы құны 165 млрд. теңге қаржы жұмсалып, 29 көпір, 2 жол сым­дарын, 307 су өткізетін құбыр және басқа да жұмыстардың,­   Жетіген-Қорғас жаңа темір жол желісінің бүгінгі жайымен танысып, мамандармен пікір­лесті. Еліміздегі алыс-берістің күретамыры саналған темір жол құрылысында 5500 адам жұмыс­пен қамтылса, нысан іске қосыл­ғанда 2077 жұмыс орны ашы­лады деп күтілуде. Қазір Жеті­ген стансасынан Құрөзекке дейінгі аралықта жұмыс қызу жалғасып, жоспарлы жұмыс белгіленген кезеңде іске асырылуда. Ағымдағы жылғы сәуір айының біріне дейін аталған сегіз жоба бойынша 11,8 млрд. теңге қаржы игеріліпті. Осы күні Ә.Исекешев “Медиатекс- Н” бас киім тігетін фабрикада да болды. Сапар барысында журналистерге берген сұх­батында Ә.Исекешев облыстағы белгіленген жобалардың сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап көрсетті. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.