Қоғам • 24 Қараша, 2020

Шымкентте түрлі дәуірдегі жауынгерлердің фигураларының көрмесі ұйымдастырылды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының №24 мектеп-лицейінің бастауыш сынып оқушылары үшін түрлі дәуірдегі жауынгерлердің фигураларының көрмесі ұйымдастырылды. Балаларға экспонаттарды отставкадағы подполковник Арман Ахашов ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте түрлі дәуірдегі жауынгерлердің фигураларының көрмесі ұйымдастырылды

Көрмеде қалайы, пластмасса, алюминий, мырыш және мыс қорытпаларынан жасалған әртүрлі мөлшердегі мүсіндер ұсынылды. Бірегей топтамамен танысу балалар үшін нағыз оқиға болды.

Қазақ хандығы жауынгерлерінің көшірмелері, олардың жауынгерлік киім-кешектері мен қаруларының ұсақ-түйектеріне дейін қайталанауы балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ, оқушылар ежелгі ғұндар, сақтар, моңғолдар, викингтер, орта ғасыр рыцарлары, Наполеон дәуірінің сарбаздары және екі дүниежүзілік соғыстың жауынгерлерінің қару-жарақтары мен жабдықтарымен танысты.

"Өз елінің дәстүрлері, тарихы мен мәдениетіне ұқыпты қарайтын патриотты тәрбиелеу – заманауи мектептің маңызды міндеттерінің бірі. Осындай танымдық іс – шаралардың көмегімен біз балалардың әскери қызметке деген қызығушылығын оятамыз, ата-бабаларымыздың дәстүрлерін құрметтеуге, Отан алдындағы борыш сияқты сезімін тәрбиелейміз", - деп атап өтті мектеп директоры Жанар Нысанбаева.

Оқушылар көрмені ұйымдастырушылар мен коллекционерге өткен ғасырлардағы, түрлі елдер мен халықтардың жауынгерлерімен қызықты және танымдық "кездесу" үшін алғыс білдірді.