Аймақтар • 24 Қараша, 2020

Полицейлер мұқтаж отбасыға көмек қолын созды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда полицейлер аз қамтылған отбасыға көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер мұқтаж отбасыға көмек қолын созды

Атырау қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері аз қамтылған отбасылардың біріне көмек көрсетті.

"Отбасының жағдайы өте қиын. Жалғызбасты әйел төрт баласын өзі тәрбиелеп отыр, балалардың үлкені 12 жаста, ал кішілері – екі жастағы егіздер", – дейді Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің бастығы Азамат Қарамұратов.

Инспекторлар азық-түлік, балаларға жылы киімдер және үйге қажетті басқа да тұрмыстық заттарды сатып алып, отбасына табыс етті.

Полицейлер тарапынан көрсетілген қолдауға риза болған жалғызбасты әйел тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.