ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, қазіргі кезде еліміздегі инфекциялық ауруханалар 22% жұмыс істеп тұр. 15 151 төсек-орынның 3 289-ына науқастар жатқызылды.
Реанимация бөлімшелерінің 17% (1523-тен 256 төсек) қолданылуда.
Карантиндік стационарларда 428 пациент жатыр, оның ішінде 6886 төсек-орын бар. Жүктеме 6,2% құрайды.
СOVID-19 инфекциясынан көз жұмған 600 дәрігер туралы ақпарат та расталған жоқ. Ресми мәліметтер бойынша, елімізде осы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша індеттен қайтыс болған дәрігерлердің отбасыларына төленген 182 төлем тіркелген.
Демек, Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктелуі және дәрігерлер жетіспеушілігі туралы пікірлер – фейк.