Аймақтар • 24 Қараша, 2020

Атырауда 2 млн теңгеден асатын айыппұлын төлемеген жүргізуші анықталды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция қызметкерлері тоқтатқан "Toyota Camry"  автокөлігіне жалған мемлекеттік белгі тағылған екен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 2 млн теңгеден асатын айыппұлын төлемеген жүргізуші анықталды

"24 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне сәйкес 7 әкімшілік хаттама  толтырылып, 180 570 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұдан басқа аталған Кодекстің 590-бабының 4-бөлімімен (Жалған мемлекеттік белгі орнату), 596-бабының 3-бөлімімен (Жолдың қарсы бағытына шығу) бойынша тағы 2 әкімшілік хаттама шешім қабылдау үшін сотқа жолданды", деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл автокөліктің жалған мемлекеттік белгісінде 2 млн 391 858 теңгені құрайтын 104 айыппұл салыныпты. Ал жүргізушінің атына тіркелген мемлекеттік белгісі бойынша 272 мың 244 теңгенің  12 айыппұлы бары анықталып отыр. Автокөлік айып тұрағына қойылды.