Қоғам • 24 Қараша, 2020

Елорда тұрғындары мен оқушыларға арналған спорттық жарыс өтеді

871 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

26-28 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында оқушылар арасында жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша онлайн-жарыс өтеді. Біріншілік WhatsApp мессенджері арқылы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда тұрғындары мен оқушыларға арналған спорттық жарыс өтеді

"Жалпы дене шынықтыру – бұл пандемия мен өзін-өзі оқшаулау кезеңінде қалыптасқан дене шынықтыру және спорт әуесқойлары үшін жаңа формат. Онлайн-жарысқа денсаулық жағдайы бойынша медициналық қарсы көрсетілімі жоқ және осы қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысқан оқушылар қатыса алады", – делінген хабарламада.

Қатысушылар бірқатар талаптарды міндетті түрде сақтай отырып, үйде (пәтер, үй, баспалдақ) үш жаттығу жиынтығын орындау қажет. Спорттық киім болуы керек: велосипедкалар, жеңіл жейде, леггинстер, футболкалар және т.б.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жарысқа қатысу үшін оқушылар тіркеуден өтуі керек. 7-8 сынып оқушылары келесі нөмірлер бойынша хабарласа алады: 8 747 054 59 00; 8 778 344 28 78, немесе электрондық пошта арқылы: Ofp.7-8 klass@mail.ru.

9-11 сынып оқушыларын тіркеу үшін байланыс телефоны: 8 701 909 66 77; 8 702 409 45 46, және электрондық пошта: Ofp.9-11 klass@mail.ru.

17-27 қараша аралығында елордада онлайн-режимде "Біз жүгіреміз" марафоны өтеді. Оның шарты бойынша, тұрғындар кез келген ыңғайлы уақытта 06:00-ден 21:00-ге дейін,елордадағы өзі қалаған саябақта белгілі бір жас санатына сәйкес келетін қашықтықта жүгіреді.

Жарыс 4 км, 6 км, 8 км және 10 км қашықтықта өтеді. Сайыс нәтижесі STRAVA қосымшасында көрсетіледі.

Онлайн-жарысқа қатысқан жұптардың жалпы нәтижелері жинаған ұпайларын арқылы анықталады. Алғашқы үш орынның иегерлері арнайы жүлделер мен медальдарға ие болады. Жеңімпаздарды еліміздің белгілі спортшылары, Әлем және Олимпиада чемпиондары марапаттайды.

Айта кету керек, елордадағы спорттық іс-шаралардың маңызды шарттарының бірі – санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау.