29 Қараша, 2013

Жас қайраты – жақсы іске

407 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясында 2012-2013 жылдары жас­тарды құқықтық оқыту жөніндегі жобаны іске асыру нәтижелерін шығару және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері мен магистранттары арасында өткен Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы және сайлау үдерісі мәселелері жөніндегі үздік жұмыс конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Орталық сайлау комиссиясында 2012-2013 жылдары жас­тарды құқықтық оқыту жөніндегі жобаны іске асыру нәтижелерін шығару және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері мен магистранттары арасында өткен Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы және сайлау үдерісі мәселелері жөніндегі үздік жұмыс конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Рәсімге жиналған жастарға қарап Орталық сайлау комис­сия­сының төрағасы Қуан­дық Тұрғанқұлов: «Ортсай­лау­ком 2012-2013 жылдары іске асырған жас­тарды құқықтық оқыту жө­нін­дегі жоба мен студенттер мен магистранттар ара­сын­да өткі­зілген конкурсты мем­лекеттік мереке – Тұңғыш Пре­зи­дент күні қар­саңында қорытын­ды­лауы­мыз тегін емес. Мемлекет басшы­сы Назарбаев Университеті жас­тарының алдында сөйлеген сөзінде: «Сендер тәуелсіз Қазақ­стан­ның келешегі үшін тарихи жау­апкершілік арқалайтын азамат­сыңдар. Сендер Тәуелсіз Қа­зақ елінің білімді жастары, өз соқ­пақтарыңды салып, оны елді дамуға бастайтын даңғылға айналдыруға тиістісіңдер!» дегенін сіздер жақсы білесіздер деп ойлаймын. Ортсайлауком ұйымдастырған кон­курс тап осы мүмкіндіктердің бірі болды. Бұл – біз жыл бойы жүр­­гізген үлкен, жүйелі және көп­жос­­парлы жұмыстың шешуші ке­зеңі», деді.

Мұнан соң сөз алған ОСК мү­шесі, конкурсты ұйымдастыру жө­ніндегі бастамашы Ләззат Сүлей­мен оны өткізудің басты мақса­тына тоқталды. Оның айтуынша, сайлауды жастар арасында танымал етуді, болашақ жас сай­лау­шылардың демократиялық үде­ріс­терге қатысуы тәжірибесін жинақ­тауды ниет еткен жобаға еліміздің 11 аумағынан 50-ге жуық жоғары оқу орны, 780 мектеп, 135 колледж, 5 кәсіптік лицей, 10 балалар үйі және 2 өндірістік ұйым қатысқан.

Жастар қашанда жаңалыққа құмар. Осындай жаңашылдық нәтижесінде түрлі флэшмобтар ұйымдастырылды, аға буын үшін дөңгелек үстелдер, конференциялар тәрізді дәстүрлі жиындар үйреншікті болса, жастар өз жаңалығын алып келді, деген ОСК мүшелері бұдан былай да оқу орындары мен мектептердің оқу бағдарламаларында сайлау құқығы жөнінде арнайы курс, сондай-ақ, жастардың электораттық бел­сен­ділігін арттыру бойынша жұмыс жүргізу үшін үлгі-жоспарлар мен әдіс­темелік құралдарды белсене қол­дануды ұсынды.

Негізінен екі кезеңде өткізілген конкурстың өте мазмұнды да мәнді болғанына тоқталған ОСК мүшесі, қазылар алқасының төрағасы, профессор, заң ғылымдарының докторы Марат Сәрсембаев конкурсқа қатысу үшін еліміздің 38 жоғары оқу орнынан студенттер мен магистранттардың 200-ден астам жұмысы ұсынылғанын, оның ішінен 42 ғылыми жұмыс, 7 слоган және 7 бейнеролик өңірлік кезеңнің жеңімпаздары атанып, республикалық конкурсқа қатысу үшін Ортсайлаукомға келіп түскенін жеткізді. Бұған қоса, Ортсайлаукомның өзіне де тағы 16 ғылыми жұмыс, 8 слоган және 9 бейнеролик келіп түсіпті.

«Конкурсқа ұсынылған әр­бір жұмыс талданып, мұқият тал­қыланды және әрқайсысына арнайы рецензия дайындалды. Нә­тижесінде «Қазақстан Републи­ка­сындағы сайлау құқығы мен сайлау үдерісінің мәселелері жөніндегі ғылыми жұмыс», «Сайлау нау­қа­нының үздік слоганы», «Сайлау тақырыбына үздік бейнеролик» атты 3 номинацияда 12 конкурс жең­ім­пазы анықталды», деді М.Сәр­сем­баев.

Бұдан басқа, қазылар алқа­сы­ның көтермелеуі мен Орталық сай­лау комиссиясының алғыс хат­тары­на тағы 8 конкурсант ие бол­ды.

Ортсайлауком басшысы Қ.Тұр­ғанқұлов Астана және Алма­ты қалалары, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қа­рағанды, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстары жоғары оқу орындарынан келген конкурс жеңім­паздары мен номинанттарына ес­телік сыйлықтарды, сондай-ақ, марапаттау қағаздары мен ал­ғыс хаттарды тапсырды.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар