Аймақтар • 24 Қараша, 2020

Жуалы ауданында ауыл шаруашылығы саласы ілгерілеуде

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына келіп, аудандағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Жуалы ауданында ауыл шаруашылығы саласы ілгерілеуде

Ауданда өткен 9 ай ішінде 23 миллиард 205 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімі 12 миллиард 686 миллион теңгеден, ал мал шаруашылығы 13 миллиард теңгеден асқан. Ауданда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер 210 мың 772 гектарды құрайды. Оның ішінде егістік жерлер 95 004, суармалы жерлер 8708 және жайылым мен шабындық жерлер 111 484 гектар болады. Сондай-ақ, әкім ауданда ағымдағы жылы жалпы ішкі өнім көлемі 43 миллиард 401 миллион теңгені құрағанын, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 20,5 пайызға артық екенін айтты. Ал, жалпы ішкі өнім құрамында өнеркәсіп үлесі 18,2, ауыл шаруашылығы 60,4, құрылыс 9,4 және сауда айналымы 12 пайыз екенін жеткізді. «Жуалыдағы жұрттың жағдайының жақсарғанының бір белгісі – жеке тұрғын үй салуы. Зәулім де еңселі үй салуға ұмтылғандар биылғы жылдың 9 айында 9 846 шаршы метр болатын жеке тұрғын үй тұрғызды», деді Нарбай Ергебеков.

 

Жамбыл облысы