Оқиға • 25 Қараша, 2020

Өткен дәуір жауынгерлерімен «кездесу»

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының №24 мектеп-лицейінің бас­тауыш сынып оқушылары үшін түрлі дәуірдегі жауынгерлер мүсіндерінің көрмесі ұйымдастырылды. Балаларға экспонаттарды отставкадағы подполковник Арман Ахашов ұсынды.

Өткен дәуір жауынгерлерімен «кездесу»

Көрмеде қалайы, пластмасса, алюминий, мырыш және мыс қорытпаларынан жасалған әртүрлі мөлшердегі мүсіндер ұсынылды. Бірегей топтамамен танысу балалар үшін ерекше оқиға болды.

Қазақ хандығы жауын­гер­­­лерінің көшірмелері, олар­дың жауынгерлік киім-кешектері мен қаруларының ұсақ-түйек­теріне дейін қай­тала­науы балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ оқушылар ежелгі ғұндар, сақтар, моң­ғолдар, викингтер, орта ға­сыр рыцарлары, Наполеон дәуірінің сарбаздары және Екі дүниежүзілік соғыстағы кеңес жауынгерлерінің қару-жарақ­тарымен, жабдық­тарымен танысты.

1

«Өз елінің дәстүрлері, тарихы мен мәдениетіне ұқыпты қарайтын патриот­ты тәрбиелеу – заманауи ме­к­тептің маңызды мін­дет­терінің бірі. Осындай та­­нымдық іс-шаралардың көмегімен біз балалардың әскери қызметке деген қы­­­зығушылығын оятамыз, ата-бабаларымыздың дәс­түрлерін құрметтеуге, Отан алдындағы борыш сияқ­ты сезімін тәрбие­лей­міз», деп атап өтті мек­теп директоры Жанар Ны­санбаева.

Оқушылар көрмені ұй­­ым­дастырушылар мен коллек­­ционерге өткен ғасыр­лардағы, түрлі елдер мен ха­лықтардың жауынгер­ле­рімен қызықты және та­ным­дық «кездесу» үшін алғыс білдірді.