Қоғам • 25 Қараша, 2020

Атырауда екі жылда ЭКО-мен 177 сәби өмірге келді

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Экомед Атырау" орталығының репродутолог-дәрігері Гүлсара Басарованың мәліметінше, бедеулік диагнозымен 3000 мың әйел мен ер адам тіркеліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда екі жылда ЭКО-мен 177 сәби өмірге келді

Дегенмен соңғы екі жылда ЭКО тәсілімен 177 сәби өмірге келген. 

"Әр отбасы үшін сәбидің дүниеге келуі – шексіз бақыт. Алайда, отбасының бәрі бірдей бұл қуанышқа бөлене алмайды. Дегенмен, ЭКО тәсілімен сәбилі болудың мүмкіндігі бар. Осы орайда мемлекет тарапынан жыл сайын экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасына квота бөлініп келеді. Биыл 9 квота бөлінді. Оның ішінде тек 6 процедура ғана нәтижелі болды. Жақында бір әйел дүниеге сәби әкелді. Баланың дені сау, отбасы қуанышқа бөленді. Соңғы екі жылда ЭКО тәсілімен 177 бала дүниеге келді. Сәбилердің арасында егіз де, үшем де бар", деді Гүлсара Басарова.