Аймақтар • 25 Қараша, 2020

Сыр елінен 450-ге жуық азамат әскерге аттанды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыр елінен күзгі мерзімде 800-ге жуық азамат әскерге аттанады. Бүгінде 450 жас әскер қатарына қосылды. Жас сарбаздар әскери борышын ҚР Ұлттық ұлан қызметінде, ҚР Қарулы күштері қатарында, шекара қызметінде өтейтін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысы ҚІЖД мерзімді әскерге шақыру бөлімінің бастығы Нұржан Мелдебеков мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыр елінен 450-ге жуық азамат әскерге аттанды

"Барлық аудандық, қалалық шақыру және облыстық жиын пунктінде санитарлық посттар қойылды. Барлығында медициналық маман отырады. Әскерге шақырылушылар санитарлық нормаға сәйкес тексеріліп, медициналық комиссиядан өтеді. Азаматтарды әскерге жөнелту санитарлық шараларды сақтай отырып жүргізілуде. Айта кетейін, күзгі шақыру үстіміздегі жылдың 9-шы қыркүйекте басталды. Желтоқсан айының аяғына дейін жалғасады", - деді майор Нұржан Беркімбайұлы.

Биыл өңірде әскери міндетті атқару шеңберінде жергілікті бюджеттен 200 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Аталған қаражат дәрігер мамандардың еңбекақысына, әскерге шақырылушыларды тасымалдауға, облыстық және қала, аудандық шақыру пункттерін күтіп-ұстауға, сондай-ақ, жетіспейтін медициналық материалдық-техникалық құралдар мен шығыс материалдарын сатып алуға және үш мезгіл ыстық тамақпен қамтуға жұмсалуда.