Оқиға • 25 Қараша, 2020

Қостанай облысында елік атқан браконьерлер ұсталды

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қамысты ауданында "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз аң аулады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай облысында елік атқан браконьерлер ұсталды

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдік полиция қызметінің аға инспекторы Саят Әбілкәкімов пен патрульдік полиция тобы қызметінің инспекторы Алмат Өтепов Қамысты ауылына кіре берісте Mitsubishi Pajero маркалы автокөлікті тоқтатады. Үш адам мінгескен көлікті тексеру барысында патрульдік полиция қызметкерлері сойылған еліктің етін, сондай-ақ жануардың қаны жұққан екі мылтық, пышақ және жеке заттарды тәркілеген.

Қазір аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 337-бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

"Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы аясында облыс аумағында заңсыз аң аулауға қарсы  62 мобильді топ жұмыс істеп жатыр.