Қазақстан • 25 Қараша, 2020

"Мен-чемпион" жобасының ауқымы жыл сайын артуда

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2000 жылы қолға алынған "Мен – чемпион" балалар спорттық ойынының телевизиялық жобасы 2015 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен балалар спорттық қозғалысы ретінде іске асырылып келеді. "Мен - чемпион" балалар спорттық қозғалысын дамытуға жәрдемдесу қайырымдылық қорының директоры Евгений Сазанов жоба туралы баяндап берді.

"Мен-чемпион" жобасының ауқымы жыл сайын артуда

«Әрбір «Мен – чемпион» балалар бағдарламасы спорттық тартысты сайысты жарқын, әсерлі шоуға айналдырады. Бұл 12-14 жастағы жасөспірімдер мен балалар тобын, олардың ата-аналары мен ересектер арасындағы достары мен таныстарын, көрермендерді жобаны тамашалауға көптеп тартып, аудитория ауқымын едәуір кеңейтіп келеді», - деді спикер.

Қазіргі уақытта «Мен - чемпион» жобасы Қазақстан мен Еуразиялық одақ бойынша жүздеген мың баланды біріктіретін халықаралық балалар спорттық жобасы болып табылады. Ең қарапайым есептеулер бойынша, жобаға жарты миллионға жуық талантты спортшы қатысты.