Аймақтар • 25 Қараша, 2020

Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

26 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде – 15-20 м/с. Орал қаласында  тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. 

26-27 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтау қаласында 26 қарашада түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше