Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға ұйытқы ретінде танылған IX Азаматтық форум аясында бірқатар талқылау алаңы ұйымдастырылып, министрлер мен белсенділер сұхбаттасты.
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұлов «Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу» тақырыбында сөз сөйледі. Кездесу барысында коммерциялық емес ұйымдарға салық салудың тәртібі мен талаптары тұрғысында айтылды.
«Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, корпоративтік табыс салығы салынбайтын бірқатар кіріс қарастырылған. Мұндай босатылған кірістерге кіру және мүшелік жарналар, ақысыз алынған кез келген мүлік, соның ішінде гранттар, демеушілік немесе қайырымдылық көмек түрінде, сондай-ақ бірқатар басқа кірістер кіреді.
Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген санаттары әлеуметтік салада жұмыс істейтін ұйымдарға берілген жеңілдік ережелерін қолдана алады. Егер әлеуметтік саладағы қызметтен алынған кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 пайызын құраса, онда салық төлеушілер корпоративті табыс салығын есептелген мөлшерде толығымен кеміте алады. Салық салудың бұл тәртібі медициналық қызмет, білім беру, ғылым, мәдениет және басқа да осыған ұқсас әлеуметтік бағыттағы салаларға қолданылады. Автономды білім беру ұйымдары да кейбір ерекшеліктерімен корпоративті табыс салығынан босатылды», деп атап өтті Қ.Жұмағұлов.
Министрліктің ақпаратына қарағанда, былтыр КТС декларацияларын 21 748 коммерциялық емес ұйым ұсынса, олардың жалпы кірісі 516,6 млрд теңгені құрады. Салық салынатын табыс 36,1 млрд теңге мөлшерінде айқындалып, 9,1 млрд теңге мөлшерінде КТС төлеуден босатылған.
Одан әрі Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күресінің халықаралық күніне орайластырылған «Азаматтық қоғам зорлық-зомбылыққа қарсы» тақырыбында диалог өтті.
Іс-шараға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э.Әзімова, Парламент Мәжілісінің депутаты И.Смирнова, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Л.Рамазанова, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі А.Оралов, құқық қорғаушылар, ҮЕҰ басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, мектептердің белсенді оқушылары қатысты.
«Отбасы – қоғамның негізі. Бүгінгі кездесу әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелерін шешу бойынша дұрыс тәсілдерді әзірлеу үшін ерекше маңызды», деді Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Б.Нұрғазиева ашылу салтанатында.
Іс-шараның модераторы Л.Рамазанова ресми статистикаға сүйеніп, биыл 9 айда қылмыстық құқықбұзушылықтар саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,4%-ға азайғанын, алайда отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылықтар саны 2,5 есеге өскенін атап өтті.
ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының бастығы А.Оспанов атап өткендей, «Ең көп зорлық-зомбылық мас күйде жасалады, ал агрессорлардың 80%-ы жұмыссыз. Зардап шеккендердің 45 пайызы әйелдер, 30 пайызы кәмелетке толмағандар. Биыл тұрмыстық құқықбұзушылықтың өсуі көбіне пандемия жағдайында халықтың оқшаулануына байланысты болды. Жыл басынан бері дағдарыс орталықтарына 9 мыңға жуық жәбірленуші әйел жүгінген».
Диалог алаңының қорытындысы бойынша қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды күшейту, ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру жөніндегі шараларды іске асыру туралы ұсыныстар берді.
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • Кеше
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • Кеше
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • Кеше
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • Кеше
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • Кеше
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • Кеше
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • Кеше
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • Кеше
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • Кеше
Тағайындау • Кеше
Қазақстан • Кеше
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • Кеше
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • Кеше
Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр
Аймақтар • Кеше
Елордада қысқа мерзімді кәсіптік оқу басталды
Аймақтар • Кеше
Фемида қызметкері адам өмірін құтқарып қалды
Аймақтар • Кеше
Жетісуда тағы 78 адам індет жұқтырды
Аймақтар • Кеше
Атырауда 111 адамнан коронавирус анықталды
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері Маңғыстауда 8000 ЭЦҚ берілген
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі конкурс жариялады
Қазақстан • Кеше
Илон Маск 100 миллион долларға конкурс жариялады
Әлем • Кеше
Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары сабағын онлайн оқиды
Аймақтар • Кеше
Елордалықтар «Saqtandyry» жүйесін жаңартып отыруы тиіс
Медицина • Кеше
Маңғыстау облысында арқар атқан азамат ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тұрғын үй нарығын белгісіздік күтіп тұр
Қазақстан • Кеше
Әділет органдарында жемқорлық 67 пайызға азайған
Қоғам • Кеше
Шымкентте еркіндікте жүрген арыстан табылды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда алдағы үш күнде аяз болады
Ауа райы • Кеше
Семейде бозбалалар зейнеткерді өрттен құтқарды
Аймақтар • Кеше
Жол апаты: Балқашта 2 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар