Оқиға • 26 Қараша, 2020

Алып ағаш

862 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауырдың солтүстік беткейінен бастау алып, Зайсан көліне құйып жатқан Кендірлік өзенінің аңғары әсем. Алты адамның құшағы жетпейтін алып ағаш та осында.

Алып ағаш

Көкжыра ауылының шет жағындағы бұл үйеңкіге қы­зықтап келушілер көп бол­ғанымен, ауылдықтар өздері көп мән бере бермейді. Ал көнекөз қариялардың айтуынша, бұл ағашқа екі ғасырдан астам уақыт болған. Болса болғандай-ақ. Айнала тұрып, алты адам құшағын жайса да жетпейді. Табиғаттың ғажабы дерсіз. Зайсандық өлке­танушы Фемистоколь Түсіп­бекұлының айтуынша, Шы­ғысты шыр айналсаң да діңі жуан мұндай ағаш кез­деспейді. Көкжыра ауылы өзеннің аңғарында орын теп­кендіктен үйеңкі ағашы көп. Ерекшеленіп өскені біреу ғана. Ол үйеңкінің діңі жуан бол­ғанымен, орта тұсынан салаланып кетеді.

Жалпы, жер бетінде үйең­кінің 150-ден аса түрі болса, Қазақстанда жеті-ақ түрі кездеседі екен. Оның екі түрі өзен бойында, сай-салаларда өсетін жабайы үйеңкілер. Ал қалғаны өзендік, шаған­жапырақ, шынартүс сынды үйеңкілер қолдан өсіріледі. Өскен ортасының клима­тына қарай сәуір, маусым ай­ларында гүлдеп, тамыз, қа­занда жеміс береді. Жапырағында 5-7 пайыз қант болғандықтан, шырыны тәтті. Ерте кезде аме­рикалықтар үйең­кіден қант өндірген де екен. Сондықтан да шы­ғар, үйеңкінің жапырағы Кана­да­ның ұлттық символы.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Зайсан ауданы