Футбол • 26 Қараша, 2020

Плей-офф кезеңіне шықты

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сейсенбі күні футболдан Чемпиондар лигасының 4 тобындағы командалар төртінші тур ойынын өткізіп, плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы төрт команда белгілі болды.

Топтық кезеңнің аяқталуына әлі екі тур қалған болса да, Е және G тобында алғашқы екі орынды иеленіп, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алған командалар анықталды. Е тобында «Челси» мен «Севилья», G тобында «Барселона» мен «Ювентус» плей-офф мәселесін ерте шешіп қойды. Бұл турда «Челси» сырт алаңда «Ренн» клубынан 2:1 есебімен басым түссе, «Севилья» да дәл осындай есеппен «Крас­нодарды» жеңді.

G тобында «Барселона» Киевте «Дина­моны» 4:0 есебімен тас-талқанын шығарса, «Ювентус» өз алаңында «Ференцварошты» 2:1 есебімен жеңіп, қажетті үш ұпайына қол жеткізді. Сонымен қатар F тобында «Лацио» мен «Боруссия Д» кезекті үш ұпайын иеленіп, кейінгі кезеңге бір табан жақындай түсті. Н тобында ПСЖ өз ала­ңында Неймардың пенальтиден соққан жалғыз голының арқасында жеңіске жетсе, «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда Түркия чемпионын ірі есеппен (4:1) тізе бүктірді.

 

 

Соңғы жаңалықтар