Аймақтар • 26 Қараша, 2020

Sulpak алдында кесілген ағаштар Қызыл кітапқа енгізілген

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Sulpak ғимаратының алдында кесілген емендер Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Бұл туралы Алматы қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Басқарма емен түрінің құрамы мен келтірілген зиянды анықтау үшін ботаникалық бақ пен Іле-Алатау ұлттық паркіне сауал жолдады. Сарапшылар кесілген ағаштар Қазақстанның Қызыл кітабына енгенін анықтады. Ол жоғалу қаупінде тұрған сирек кездесетін түр", - деді Наталья Ливинская.

Басқарма басшысы ведомствоға кәсіпкерлер тарапынан ағаш кесуге өтініш түспегенін атап өтті.

"Жексенбіде біз оқиға орнына бардық. Екі жеке кәсіпкерге айыппұл салынды. Бұған олардың ағаштарды кескені және абаттандыру ережелерін сақтамағаны себеп болды. Біз Sulpak қожайынының өтемақы ретінде ағаштар отырғызуын талап етеміз", - деді Наталья Ливинская.