1 026 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 921 адам, анықтамасыз 105 адам - ҚР азаматтары келді. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 6 рейс, 507 жолаушы, анықтамамен - 431, анықтамасыз - 76;
Алматы қаласының әуежайына - 5 рейс, 420 жолаушы, анықтамамен - 391, анықтамасыз - 29;
Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 99 жолаушы анықтамамен келді.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.