Турнирде кіл мықталардың қатарынан көріну үшін 100 қатысушы сайысқа түсті. Жарыстың бағдарламасына жеті жаттығу кірді. Спортшылар шағын калиберлі, пневматикалық мылтықтан, сондай-ақ пистолеттің әр түрінен жалғыз және жұптасып атудан жарысты.
Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын мергендер Юрий Юрков, Елена Файнберг және Дарья Калинина қорғады.
"Бұл жарыстар биылғы жылдың соңғы жарыстары. Чемпионат барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес өткізілді. Ал армия спортына келер болсақ, олар әрқашан өздері көрсетіп жүрген жоғары, шебер және кәсіби даярлық деңгейін көрсетті. Әскери қызметші Юрий Юрков – "Токио-2021" Олимпиада ойындарына жолдама алғанын айта кетейін", - деп бөлісті аға жаттықтырушы – Орталық спорт клубының оқ және стенд атудан команда бастығы Ольга Важнина.