Әлем • 26 Қараша, 2020

Әйгілі футболшы Диего Марадона қайтыс болды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі футболшы, Аргентина құрамасының бұрынғы капитаны және бас бапкері Диего Марадона қайтыс болды. Аргентиналық БАҚ-тарда Диего Марадонаның жүрегі тоқтап қалғаны жазылған, - деп хабарлайды Egemen.kz

30 қазанда футболшы ауруханаға түсіп, оған ота жасалды. Ал 12 қарашада ауруханадан шығарылды. Өмірінің соңғы уақытында футболшы отбасымен бірге болған. Жағдайы нашарлап, бірнеше рет жедел жәрдем келгеніне қарамастан, Марадонаны құтқару мүмкін болмады.

Айта кетейік, аты аңызға айналған футболшы 60 жаста еді. Аргентинада 3 күндік аза тұту жарияланды.