Аймақтар • 26 Қараша, 2020

Қызылордада медицина қызметкерінің резерві құрылды

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының болжамды екінші толқынына дайындық жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылордада медицина қызметкерінің резерві құрылды

Қазір облыста коронавирус инфекциясына байланысты жағдай тұрақты. Медициналық ұйымдар штаттық режімде жұмыс істеп жатыр. Аймақта 3500 медицина қызметкерінің резерві құрылған. Қызылорда қаласында 200 адамға арналған модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы жүргізіліп отыр. Көпбейінді облыстық ауруханада және Қазалы ауданаралық ауруханасында демеушілер есебінен оттегі стансасы салынып жатыр.

"Тез соғылатын модульді инфекциялық аурухананың құрылысы желтоқсан айының бірінші онкүндігінде аяқталады. Онда науқастардың ем алуына толық жағдай жасалады. Емдеу орнында жергілікті дәрігерлер қызмет атқарады", деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов.

Еске сала кетейік, жыл басында облыста өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратының саны 76 болған еді. Қазіргі таңда олардың саны 244 данаға жетті.