Қазақстан • 27 Қараша, 2020

Қазақстан Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 79-шы отырысына қатысты

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейнеконференция форматында Мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының (МҮСК) кезекті 79-шы отырысы өтті. Бұл туралы Экология министрлігі хабарлады.

Қазақстан Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 79-шы отырысына қатысты

Қазақстаннан оған Экология, геология және табиғи ресурстар вице – министрі Ерлан Нысанбаев, Түркіменстаннан су ресурстары мемлекеттік комитетінің төрағасы Гуйзгелди Байджанов, Өзбекстан Республикасынан – Су шаруашылығы министрінің орынбасары Вахиджон Ахмаджонов, Тәжікстан Республикасынан – Энергетика және су ресурстары министрінің бірінші орынбасары Джамшед Шоимзода қатысты.

МҮСК отырысында Әмудария және Сырдария өзендерін бассейндеріндегі 2020 жылғы вегетациялық кезеңнің қорытындысы шығарылды. Сондай-ақ 2020-2021 жж. вегетациялық кезеңге арналған су қоймаларының жұмыс режимінің болжамды кестелері қаралып , бекітілді.

Сонымен қатар, тараптар 2018 жылы Түркменбашы қаласындағы Халықаралық Аралды құтқару қорының саммитінде Мемлекет басшылары көтерген бастамалардың орындалу барысын талқылады. Саммиттегі Мемлекет басшыларының бастамаларын орындау жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар аймақтағы су шаруашылығы мәселелерін шешуде МҮСК алаңы аясындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.