Коронавирус • 27 Қараша, 2020

Қызылорда облысында соңғы тәулікте коронавирус індетімен науқас тіркелген жоқ

14 рет көрсетілді

Соңғы тәулікте Қызылорда облысында короновирус инфекциясымен науқас тіркелген жоқ. Бір күн ішінде зертханаларға 926 сынама тапсырылған. Оның 350-і тексерілген, қалғаны бойынша жұмыс жүруде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық фтизиопульмонология орталығында 247 сынама, Ұлттық сараптама орталығында 113 сынама, «Олимп» ЖШС-і арқылы 106 сынама, «ИНВИВО» ЖШС арқылы 470 сынама алынған. Пандемия кезеңінен бері 137 527 сынама алынған.

Өткен тәулікте індеттен екі адам айыққан. Қызылорда және Шиелі ауданының азаматтары. Жалпы эпидемиологиялық маусым басталған сәттен бері 3250 науқас вирустан жазылып шықты.

Бүгінгі күні өңірде инфекциялық стационарда 12 науқас ем алуда. Реанимация бөлімінде науқас жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Пневмониядан 1 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 11:44

Ұқсас жаңалықтар