Аймақтар • 27 Қараша, 2020

Атырауда инспекторға "қызыл" балық беруші ұсталды

545 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қалалық пробация қызметінің инспекторына пара ретінде "қызыл" балықты бермек болған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда инспекторға "қызыл" балық беруші ұсталды

Бұған дейін күдікті ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) сотталған екен. Алайда пробация қызметінің инспекторы кешкі мезгілде тексере келгенде сотталған адам  үйінде болмаған.

«Осы құқық бұзушылық оның жеке ісіне тіркелетіндіктен, сотталған ер адам инспекторға бекіре тұқымдас бағалы балықты пара ретінде беруге тырысқан. Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 367-бабының 1-бөлігімен (Пара беру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды» деп хабарлады департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10