Мәселен, Павлодар облысында "Нұр-Сұлтан – Павлодар" тасжолының 91 шақырымы пайдалануға берілді. Солтүстік Қазақстан облысында жолшылар ұзындығы 36 шақырым болатын "Петропавл- РФ шекарасы (Курган), Көкшетау қаласына кіреберіс" учаскесін қайта жаңартты. Ал Маңғыстау облысында "Бейнеу – Ақжігіт" жолының 0-85 шақырым учаскесі және "Жетібай-Жаңаөзен" жолының 73 шақырымы тапсырылды. Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар "Ақтөбе-Қандыағаш-Атырау" автожолының ұзындығы 17 шақырымдық учаскесі реконструкциядан өтіп, қолданысқа берілді. Бұдан бөлек, Атырау облысында "Атырау-Астрахань" тасжолының 20 шақырымдық аумағы мен Алматы облысында "Үшарал – Достық" жолының 30-60км учаскесі де жаңартылды. Сондай-ақ, жол компанияларымен Орталық-Оңтүстік дәлізінің екі аумағы пайдалануға берілді. 47 шақырымды құрайтын Қарағанды қаласының Солтүстік және Шығыс айналма жолдары.
Айта кетейік, биыл елімізде құрылыс пен қайта жаңарту жұмыстарымен республикалық маңызы бар автожолдардың 4 мың шақырым қамтылған.