Облыстық балалар ауруханасының дәрігер-травматологы Жақсылық Мағзомовтың айтуынша, екі жасар бала аурухананың жарақат бөлімінде бір апта емделді.
«Ит тістегеннен қалған жарақаты толық жазылған соң, тіккен жіпті алдық. Баланың бас сүйегін компьютерлік томографияға түсірдік. Қазір бала үйіне жіберілді. Енді учаскелік дәрігердің бақылауында болады» деді Жақсылық Мағзомов.