Аймақтар • 27 Қараша, 2020

Мектептегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жазаға тартылды

82 рет көрсетілді

Шымкент қаласындағы №125 жалпы орта білім беру мектебінде мұғалімдерден келіп түскен шағымдар бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Жоспардан тыс тексеру барысында өтініште көрсетілген фактілер ішінара расталды, - деп хабарлайды Egemen.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында мектеп әкімшілігі тарапынан «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заң талаптары бұзылғаны анықталды. Сондай-ақ мектеп мұғалімдері кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыс түрлеріне тартылған. Мәселен, 2019-2020 оқу жылының соңында Шымкент қаласындағы №125 мектеп мұғалімдері мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізіп, міндетті тізбеде жоқ құжаттарды толтырған. Одан бөлек, мектеп әкімшілігі ұстаздарды газеттер мен журналдарға жазылуға мәжбүрлеген.

Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің өңірлік департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша №125 жалпы орта білім беру мектебінің лауазымды тұлғалары заңнаманың бұзылуына жол бергені үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Соңғы жаңалықтар

Заңсыз 114 қару тәркіленді

Қоғам • Бүгін, 11:07

Балқашта ауа сапасы нашарлайды

Экология • Бүгін, 09:57

UFC-ге қайта оралмақ

Спорт • Бүгін, 08:49

«Жұлдыз» жарқыраған сәт

Аймақтар • Бүгін, 08:47

Электр күбі жасады

Оқиға • Бүгін, 08:45

Өңірдің даму қарқыны артты

Экономика • Бүгін, 08:40

Мухинаның соңғы сальтосы

Спорт • Бүгін, 08:29

Алтайдың кербез маралы

Руханият • Бүгін, 08:23

«Ұлдардың» ұлағаты

Руханият • Бүгін, 08:21

Қолжазбаны оқитын қосымша

Оқиға • Бүгін, 08:11

Ұлы даладағы ұлы апат

Руханият • Бүгін, 08:07

Екі ауыз сөзді ежіктеп...

Қоғам • Бүгін, 08:03

Ұлықтайтын адамдарды ұмытпайық

Руханият • Бүгін, 07:56

Қайта өңделген алюминийге мұқтаж

Экономика • Бүгін, 07:43

Ескі техникадан құтылудың жолы

Экономика • Бүгін, 07:42

Ұқсас жаңалықтар