Фильмде Елбасы облыс мәртебесіне ие болған Түркістан қаласының қайта жаңғыруы, тарихи шешімнің мәні мен маңызы, көне шаһардың туристік әлеуеті мен халықаралық аренадағы беделі, қаланың келешек жоспарлары туралы жан-жақты баяндайды.
Сонымен қоса Н.Назарбаев телеарнаға берген сұхбатында Түркістанның Орталық Азиядағы және түркі әлеміндегі орны, «Түркі әлемінің киелі жерлері» жобасы, «Керуен-сарай» көпфункционалдық туристік кешенінің әлеуеті, қала аумағын көгалдандыру және Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жобаларының нәтижесі мен олардың азаматтардың әл-ауқатын жақсартудағы ықпалы туралы туралы айтады.
Деректі туынды «Qazaqstan» арнасынан 1 желтоқсан сағат 20:00-де эфирге шығады.