Жаңатас қаласында жаңа Спорт кешені ашылды. Ол спортпен шұғылданғысы келетін 350 адамға арналған.
Кешенде 4 зал бар. Оларда мини-футбол, волейбол, баскетбол, бокс, грек-рим күресі сияқты және басқа да спорт түрлерімен айналысуға болады. Жалпы құны 225,9 миллион теңге болатын кешеннің құрылыс жұмысы өткен жылдың тамыз айында басталып, бір жылдың бедерінде аяқталып отыр.

Сондай-ақ, Жаңатас қаласындағы баспана кезегінде тұрған бір топ мүгедектер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қайта қалпына келтірілген көпқабатты тұрғын үйден берілген пәтер кілттеріне ие болды. Бес қабатты үйде 120 пәтер бар. Ал ауданы 2717 шаршы метр болатын тұрғын үйдің қайта қалпына келтіру жұмыстары осы жылдың маусымында басталып, алты ай ішінде 279,7 миллион теңге игерілген.
Өңірдегі «Нұр Отан» партиясының Жаңатас қаласына орналасқан аудандық филиалының ғимараты да жаңарып, ол демеушілер қаражаты есебінен жөнделді.
Жамбыл облысы.