Спорт • 30 Қараша, 2020

Ел чемпионатында топ жарды

527 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Ақтөбеде жүзуден Қазақ­стан чемпионаты өтіп жатыр. Кезекті жарыс күнінде бақ сынаған Рио Олимпиадасының жеңімпазы Дмитрий Баландин дара шықты.

Ел чемпионатында топ жарды

100 метрге брасс әдісімен жүзуде ол қарсыластарын артта қалдырып, ел чемпионы атанды. Күміс медаль Жамбыл облысының өкілі Нұрдәулет Жұмағалиге бұйырса, қола жүлдені ақтөбелік спортшы Айбек Қамзенов иеленді.

Сондай-ақ 100 метрге еркін әдіспен жүзуде жамбылдық өрен Әділ Қасқабай, баттерфляй бағдарламасында елордалық Әділбек Мусин, шалқалап жүзу бойынша ақтөбелік Глеб Коваленя, 200 метрге кешенді жүзу бәсекесінде түркістандық Даниэль Қаракөз, 800 метрге еркін әдіспен жүзуде Жамбыл облысының тағы бір өкілі Ғалымжан Балабек және 4х200 эстафетасында Алматы қаласының жігіттері жеңімпаз атанды.

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • Бүгін, 11:15

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • Бүгін, 11:05

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • Бүгін, 11:00

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 10:45