"Компьютер томографиясы оның қаптал және ортадағы шыбық сүйегі жіңішке болып сынғанын анықтады", дейді баспасөз өкілдері.
Хабарламада енді Байденге бірнеше апта бойы арнайы аяқ киім киюге тура келуі мүмкін екені айтылған.
Байден сенбі күні өзінің иті Мейджормен ойнап жүргенде сүрініп кетіп, тобығын қайырып алды. Содан соң дәрігерге жүгінуге мәжбүр болған. Басында ортопед оның тек сіңірі созылғанын, сүйегі сынбағанын айтқан. Дегенмен ол саясаткерді қосымша тексерілуге жіберген.
Еске салайық, АҚШ-та президент сайлауы 3 қарашада өтті. Алдын ала мәліметтер бойынша Байден жеңіс жетті.