30 Қараша, 2013

Тренинг байқаушыға бағыт-бағдар береді

3153 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Орталық сайлау комиссиясында «Сайлауды отандық және халықаралық байқаудағы адам мен азаматтың сайлау құқығы» атты семинар-тренинг болып өтті. Оның жұмысына елордадағы ЕҚЫҰ Орталығының, еліміздегі ЕО Өкілдігінің, БҰҰ ДБ-ның, орталық мемлекеттік органдары мен өзге де үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Семинарға қатысушылар алдында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос пен Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы Жаннет Клетцер сөз сөйледі. ОСК төрағасының орынбасары өз сөзінде ойын былайша тарқатты: «Өздеріңіз білетіндей мемлекеттердің сайлау жүйелері бір-біріне ұқсамайды, оған қарамастан мемлекеттер азаматтардың сайлау құқын қамтамасыз етуде бірдей жауапты». Ол бұл ретте байқаушылар ретінде, сайлауды өткізудің техникалық аспектілерімен ғана шектеліп қоймай, азаматтардың сайлау құқығының сақталуына көңіл бөлудің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаевтың сөзінен белгілі болғандай, биыл Грузия, Әзербайжан, Армения, Моңғолия және Албанияда өткен сайлау науқандарына қазақстандық байқаушылар жіберіліпті. Жалпы, 2005 жылдан бас­тап биылға дейін 225 қазақстандық 47 сайлау науқанына байқаушы ретінде қатысқан. Іс-шара соңынан еліміз атынан ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының құрамында байқаушылардың қатысу тәжірибесін одан әрі жетілдіру, сайлау процесін демократияландыру және Қазақстан беделін нығайту мәселелері жан-жақты сөз болды.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».