Аймақтар • 30 Қараша, 2020

Шымкентте 1 желтоқсаннан бастап жаңа автобустар қызмет көрсетеді

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласына тұрғындарды қоғамдық көлікпен қамту мақсатында жаңадан 590 автобус әкелінді. Жолаушыларды тасымалдауда барлық жағдай қарастырылған автобус, жоғары сапа стандартына сәйкестендірілген. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкентте 1 желтоқсаннан бастап жаңа автобустар қызмет көрсетеді

Қала әкімі Мұрат Әйтенов қалаға жаңа автобустарды көру үшін «T-bus» автопаркіне барды. Мұндағы барлық автобустар бейнекамера, желдеткіш, хабарлама жариялауға арналған микрофондармен жабдықталған. Сонымен қатар, автобустарда пандус мен мүгедектердің арбаларын орналастыратын орындар да қарастырылған.

Компания қоғамдық көліктерде метан-газын пайдалануда үлкен тәжірибеге ие. Маршруттарға үздіксіз қызмет көрсету үшін өндірістік-техникалық базасы мен автоматтандырылған газ толтыру станциясы бар.
1 желтоқсаннан бастап 150 автобус қаланың шалғай аудандарын орталықпен байланыстыратын №103, 27, 35, 84, 135, 92, 74, 12 маршруттарында қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, шаһарда жолаушыларды тасымалдауды дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы негізінде қала әкімдігі тарапынан былтыр 300 автобус сатып алынған болатын. Қазіргі таңда бұл автобустар халықтың игілігіне қызмет көрсетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше