30 Қараша, 2013

Өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелері

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бельгия Корольдігінде басталған «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысына Пар­ла­мент Мәжілісі Төрағасының орынбаса­ры, комитеттің тең төрағасы Сер­гей Дьяченконың басшылығымен қа­зақ­­стандық парламенттік делегация қаты­суда.

Делегация құрамында мәжілісмендер Ш.Өтемісов, В.Косарев, А.Соловьева жә­не сенатор Б.Шелпеков бар. Бағ­дарлама шеңберінде қазақстандық пар­ламентшілер Еуропа жағынан коми­теттің тең төрағасы Паоло Барто­лоц­цимен кездесті. Олар екіжақты өзара өзекті мәселелер жайында пікір алмасып, Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы өзара байланысты дамытудың маңызына тоқталды.

Комитет парламенттік ынты­мақ­тас­тықтың «ҚР-ЕО» 12-ші отырысы бары­сында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелеріне нақты көзқарастар білдірді. Тараптар Қазақстан мен Еуроодақ ара­сындағы ынтымақтастықты сауда-экономика саласында дамыту мен визалық режімді жеңілдетудің келешегі жайында жаңа базалық келісім жасау жолдарын талқылады. Сонымен қатар, олар білім беру мен ғылым, денсаулық сақтау, адам құқы, су ресурстары мен қоршаған ортаны қорғауда ынтымақтастықты нығайту мен бекіте түсудің маңызын атап өтті.

Отырыс нәтижесінде «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Пар­ламенттік ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысының қорытынды құжаты қабылданды.

«Егемен-ақпарат».