"Біз мемлекетіміздің қалыптасу тарихын Қазақ хандығынан емес, Алтын Орда дәуірінен бастап көрсеткіміз келді. Экспозицияның басында "Көшпенділер" картинасы тұр. Онда шайқас пен қарт әйел бейнеленген, қолында қола дәуірінің қазаны бар", - деп түсіндірді облыстық өнер мұражайының маманы Лариса Мартынова.
Сонымен қатар белгілі суретші Николай Аштеманың Елбасын жазған портретін көруге болады. Бірақ, облыстағы шектеу шараларына байланысты экспозицияны өнер мұражайының ресми сайтынан көре аласыздар.