Аймақтар • 30 Қараша, 2020

"Жас сарбаз" қозғалысының қатысушылары волонтер жылын қорытындылады

592 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада «Jas sarbaz – meiirimdilik biriktiredi» жобасының жабылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында акция аясында өткізілген конкурстар мен жарыстар қорытындыланды. «Жас сарбаздың» белсенді мұғалімдері алғыс хаттармен марапатталды.

"Жас сарбаз" қозғалысының қатысушылары волонтер жылын қорытындылады

«Қазақстан Республикасының Президенті 2020 жылды Волонтерлер жылы деп жариялады. Осыған орай «Жас сарбаз» елордалық қозғалысы «Астана жастары» КММ, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен 21 ақпанда «Jas sarbaz – meiirimdilik biriktiredi» жобасын іске қосты. Оқушылар үшін әскери-қолданбалы спорт түрлерінде, шығармашылық, спорттық жарыстарда, әскери-патриоттық жаттығу жиындарында, ерлік сабақтарында жүзге жуық іс-шаралар өткізілді. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты бірқатар кездесулер, атап айтқанда, Instagram әлеуметтік желісіндегі әскери-патриоттық әндер байқауы, жеке куәлік құжаттарын 1000 жас сарбаз тәрбиеленушілеріне онлайн форматта ұсыну онлайн форматта өтті. Сонымен қатар 3 күнге созылған әскери-патриоттық жиын өтіп, Ауған соғысының ардагерлерімен, қоғам қайраткерлерімен кездесулер және тағы басқа шаралар қамтылды», - деді «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қаласы филиалы төрағасы Асхат Налшыбек.

Жоба аясында «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілері өздерін шығармашылық жағынан танытқаны атап өтілді. Биыл олардың саны көбейіп, жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі «Жас сарбаз» сыныптары мен үйірмелерінің саны 200-ге жуықтады.

Іс-шара «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен өтті.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше