Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан халқын еліміздің айтулы мерекесі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтайды.
Ассамблея бұл күнді Қазақстан халқымен бірге елдігімізге деген зор мақтаныш сезімімен, Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген ыстық ықыласымен қарсы алады.

Тарихи тұрғыдан алғанда қысқа мерзім ішінде жүрегі елім деп соққан және сезімін нақты ісімен дәлелдей білген Нұрсұлтан Әбішұлы қастерлі Отанымыз – Қазақ елі атын әлемге паш етіп, Тәуелсіздіктің қазығын берік қалап, Мәңгілік Елге жеткізер іске бастады.
Елбасының кемеңгер, салиқалы саясаты бейбітшілік пен келісімге, мәдениеттер мен өркениеттердің жақындасуына жол ашып, Қазақстан халқын біріктірді, Қазақстанның ХХІ ғасырдағы жетістігінің басты негізі ретінде елдің тұтастығын, ауызбіршілігін қалыптастырды. Нұрсұлтан Назарбаевтың үлгісі Қазақстанның барша әлемге танымал брендіне, дүниежүзі мойындаған басты байлығына айналды.
Тұңғыш Президент – Тәуелсіздігіміздің шынайы символы, Қазақстан егемендігінің, мемлекеттік билік пен Конституцияның, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандығының кепілі.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – еліміздегі ұлттық бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің алғышарты.
Қадірлі отандастар! Баршаңызды шын жүректен осы мерекемен құттықтаймыз! Сіздерге денсаулық, бақыт, Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп өркендеуі, гүлденуі жолында қажымас қайрат тілейміз.
Еліміз тыныш, жұртымыз аман, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын.
Қазақстан халқы Ассамблеясы.