Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазіргі Қазақстанның негізін қалаушы мәртебесіне ие болды. Елбасының еліміздің жаңа тарихындағы үлкен рөлі, көшбасшылығы, айрықша қасиеттері, сарабдал саясаты туралы, Отанына және халқына сіңірген өлшеусіз еңбегі туралы көп айтуға болады. Алайда, осы тарихи шежіредегі бірнеше айтулы күндер – 1989 жылдың 22 маусымы, 1991 жылдың 1 желтоқсаны және 2019 жылдың 19 наурызы әрқашан ерекше аталады.

Сурет «Егемен Қазақстанның» архивінен алынды
1989 жылдың 22 маусымында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда бірінші жалпыұлттық президенттік сайлауда Н.Ә.Назарбаевқа сайлаушылардың 98,7%-ы дауыс берді. Осылайша, Қазақстан халқы өзінің тағдыршешті таңдауын жасап, нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
Ал 2019 жылы 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Үндеу жолдап, онда Президенттік өкілеттігін тоқтататындығы туралы шешімін жариялады. Өз сөзінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Маған ұлы халқыма, туған жеріме қызмет ету бақыты бұйырды. Баршаңызға – халқыма зор ризашылығымды білдіріп, басымды иемін. Осындай қолдаудың арқасында сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін мен бар күш-жігерімді, денсаулығымды, уақытымды аямай адал қызмет еттім», деді. Тұңғыш Президенттің бұл қадамы – біздің халқымыздың даналығына деген толық сенімін білдіреді.
Елбасы Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы айта отырып, «Осының бәрін сіздермен бірге жасадық, құрметті қазақстандықтар!» деп ерекше атап өтті.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті өзінің халқы үшін тұрақтылықтың сенімді кепілі болды, бұл күрделі саяси, экономикалық және әлеуметтік қайта құруларды жүзеге асыруға, әлемдік қоғамдастықтың Қазақстанды тануына кеңінен жол ашты. Сонымен бірге халықаралық қоғамдастықта Қазақстан мен Нұрсұлтан Назарбаевтың арасында мықты байланыс орнаған.
Бүгінгі таңда тәуелсіздік кезеңінде дүние есігін ашқан қазақстандықтардың жаңа буыны өсіп келеді. Қазір оларға ғана емес, егде жастағы адамдар үшін де осы жылдарда болған өзгерістердің, игіліктердің масштабын бағалау кейде қиынға соғады. 30 жылдай уақыт бұрын қазақстандықтар өз тарихындағы ең қиын кезеңдердің бірін бастан кешті. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін көптеген кәсіпорын тоқтап, миллиондаған адам жұмыссыз қалды және ертеңгі күнге деген сенімсіздік орнады, азық-түлікті карточкалар арқылы алды, ал көрші мемлекеттердің іргесі ұлтаралық қақтығыстар мен азаматтық соғыстардың кесірінен шайқалды. Отыз жылдан соң Қазақстан қарқынды экономикасы бар мемлекетке, халықаралық қатынастардың беделді қатысушысына айналады. Тұңғыш Президент бастаған Қазақстан алға қарай өршіл мақсаттарды батыл қойып, кедергілерді жеңе отырып, бірте-бірте алға жылжыды. Уақыттың қадірін жақсы сезіну саясаткер үшін маңызды қасиет, өйткені ол уақытында шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Кезінде ұлы Сенека кейбір істердің ұлылығы олардың өлшемдеріне емес, өз уақытында болғандығына байланысты екенін айтқан еді.
Болашаққа көрегендікпен қарап, келешектің үрдістерін болжау қасиеті Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент ретінде қоғамдық психологияны сезініп қана қоймай, сонымен бірге оны даму жолына бағыттауына, оның жағымсыз жақтарын қадағалап қана қоймай, сондай-ақ оларға белсенді түрде қарсы тұруға мүмкіндік берді. Ол әрқашан прогреске кедергі келтіретін немесе оны тежейтін әлеуметтік стереотиптер мен инерцияны өзгертуге тырысты. Өйткені, адамдардың көңіл күйін дұрыс сезіну әрқашан олар қолдайтын шараларды қабылдау дегенді білдірмейді. Көбінесе жағымсыз шаралар қолдануға тура келеді, кейде ұзақ мерзімдік стратегиялық жеңістер үшін қандай да бір сәттік, тактикалық жетістіктерді құрбан ету керек.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бір сұхбатында айтқандай: «Нағыз көшбасшы болудың қиындығы – ол сенің бәрін алдын ала болжай білуің. Сен жетекте жүрген емес, жетектеуші адамсың. Сондықтан қайда жетелеп келе жатқаныңды білуің керек. ...Шешім қабылдап, сол шешім үшін жауап беретін – Президент».
Уинстон Черчилльдің «Ұлылықтың бағасы – жауапкершілік» деген нақыл сөзі бар. Еліміздің Тұңғыш Президенті ерекше талант иесі, соның арқасында ол бүгінде әлемнің көрнекті көшбасшылары қатарына енді, ол өміріндегі маңызды ісіне адал қызмет етудің үлгісін көрсете отырып, теңдессіз жауапкершілік жүгін мойнына артты. Осы арқылы ол өз халқының үлкен ризашылығы мен құрметіне ие болды. Бұған Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008-2009 жылдардағы дағдарыс кезеңінің өзінде де 85%-дан төмен түспеген әлеуметтік мониторингтегі рейтингі дәлел бола алады.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдау жариялау тәжірибесі 1997 жылы енгізілді, олар жылдың маңызды саяси оқиғасы болды және Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жасаған әрбір Жолдауының өзіндік ерекше саяси үні, шабыттандырушы әсері және жоғары мобилизациялық әлеуеті болды. Ал 2019 жылғы 19 наурызда миллиондаған азамат Елбасының Үндеуінен қандай да бір саяси тұжырымдама естуге дайын болды, оның сөзін миллиондаған азамат асқан қызығушылықпен тыңдады. Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен кету туралы шешімі жалпы таңданыс, есеңгірету тудырды, көптеген адамдар көз жастарын жасырмады.
Бұл шешім қанша күтпеген болып көрінгенімен де, ол Тұңғыш Президенттің қазіргі заман рухына, терең даналығы мен сипатының күшіне толық сәйкес келеді. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде әлем бір орында тұрмайды, жаңа сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер пайда болатындығын атап өтті: «Мен және менің замандастарым еліміз үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Оның нәтижелері өздеріңізге белгілі. Әлем өзгеріп, жаңа буын келеді. Бұл – табиғи процесс. Олар өз заманының проблемаларын шешетін болады. Сондай-ақ, елімізді одан әрі өркендету үшін бар күш-жігерін жұмылдыруға тиіс».
Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз міндетіне адал бола отырып, Қазақстанның одан әрі сәтті дамуы таңдалған бағыттың сабақтастығын қамтамасыз ету жағдайында ғана мүмкін болатындығын баса айтты: «Қазақстандағы билік сабақтастығы конституциялық тұрғыдан реттелген. Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оның өкілеттігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін Сенат төрағасына беріледі. Содан кейін жаңа президент сайлауы болады». Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев туралы айта отырып, Н.Ә. Назарбаев: «Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты азамат деп сенемін», деді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында кандидатурасын қолдай отырып, қазақстандықтардың назарын Қ.Тоқаевтың кәсіби даярлығының жоғары деңгейіне және оның адамгершілік қасиеттеріне аударды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында еліміздің табысты болуы мен әлемдегі беделді мемлекетке айналуына ықпал еткен Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған бағыты сақталатынын, сабақтастық одан әрі жалғасатынын атап өтті. Осы арқылы Президент Қазақстанның Тұңғыш Президентінің орасан зор мұрасын еселей отырып, оның саяси еркін орындауға, Қазақстанды одан әрі өркендетуге, елдегі тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз етуге деген ұмтылысын көреміз.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев интеллектуалды инновацияны дәстүрмен, беделмен, өмірлік даналықпен және салауатты прагматизммен ұштастыратын саяси көшбасшы. Сондықтан оның саяси және экономикалық жобалары сәтті жүзеге асты.
Нұрсұлтан Назарбаев – елді дағдарыстан шығарудың, оның дамуы үшін тиімді жұмыс істейтін жүйені қалыптастырып, жаңа мемлекет құрды және басқаруды көшбасшылардың жаңа буынына берудің оңтайлы жолын тапқан халықаралық деңгейдегі саясаткер.
Зарема ШӘУКЕНОВА,
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры
Мажарстанның мерейі үстем болды
Спорт • Кеше
2020 жылы қанша кәсіпорын жабылып қалды?
Қазақстан • Кеше
Футбол • Кеше
Мақтааралдық диқандар егістік жұмыстарын қаңтарда бастады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 7 жаңа медициналық нысан салынуда
Аймақтар • Кеше
Алматыда коронавирустық жағдай күрделене түсті
Аймақтар • Кеше
Мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтың көмегі
Қоғам • Кеше
Теңгеге әсер ететін факторлар нақтыланды
Қаржы • Кеше
4 080 педагог біліктілік тестілеуден өтеді
Аймақтар • Кеше
Сыбайлас жемқорлық жасаған 15 басшы жауапқа тартылды
Қоғам • Кеше
Шымкентте ТОП-10 инвестициялық жобалар іске асады
Аймақтар • Кеше
Қор биржасы 2020 жылды қортындылады
Қаржы • Кеше
2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды?
Аймақтар • Кеше
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • Кеше
ЕО вакцинация төлқұжатын енгізе ме?
Медицина • Кеше
Елордада заңсыз орнатылған жарнама объектілері анықталды
Елорда • Кеше
Қазақстан Әзербайжаннан қызанақтарды алып келуге уақытша тыйым салды
Қазақстан • Кеше
Қоғамдық көліктерде жол ақысын 4 тәсілмен төлеуге болады
Елорда • Кеше
Полицейді көлік капотында сүйреген ақмолалық 5 жылға қамалды
Аймақтар • Кеше
Қар барысының терісі: Туризм академиясының президенті сынға қалды
Қазақстан • Кеше
Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін eGov-та 6 қызмет іске қосылды
Қазақстан • Кеше
Былтыр Қызылордада 2181 азамат «Бастау» жобасын онлайн оқыды
Аймақтар • Кеше
Қызылорадада биыл 98 тұрғын үй салынады
Аймақтар • Кеше
Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі ұзартылды
Қоғам • Кеше
Елордалық жігіт көпірден секіріп өлмек болған
Елорда • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова Социалистік Еңбек ерін құттықтады
Аймақтар • Кеше
2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды
Қазақстан • Кеше
Елордада көпірден секірмек болған жігіт аман қалды
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Бердібек Сапарбаевты қабылдады
Президент • Кеше
Жамбыл облысында алғаш рет ауылда мұз айдыны ашылды
Аймақтар • Кеше
Ордабасыда құны 1 млн теңгеден астам күркетауықтарды ұрлап кеткен
Қазақстан • Кеше
Атырауда ішімдік ішкен 20-ға жуық жасөспірім ұсталды
Аймақтар • Кеше
WhatsApp бөтен адамға ақпарат беретіні рас па?
Технология • Кеше
20 қаңтар: Жетісайда егін маусымы басталды
Аймақтар • Кеше
Елордада 10 мың дана экодорба таратылады
Экология • Кеше
Үржарлық полицейлер қалың қармен күресті
Видео • Кеше
Алматыдағы метро басшысы тағы ауысты
Тағайындау • Кеше
Жақынына жанашыр болған жетісулықтар
Аймақтар • Кеше
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
Аймақтар • Кеше
Кәсіпкерлердің құқын бұзу дерегі кемімей тұр
Қоғам • Кеше
Түркістанда машина жасау саласына инвестиция тартылады
Аймақтар • Кеше
Қызылордада былтыр иттердің көмегімен 192 қылмыс ашылды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында 5 кило есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Алматының тағы 50 мың тұрғыны сапалы ауыз суға қол жеткізеді
Аймақтар • Кеше
Маңғыстау облысында жұмыссыздық деңгейі 5% құрады
Аймақтар • Кеше
Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады?
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Қостанай архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді
Руханият • Кеше
Германия карантинді 14 ақпанға дейін ұзартты
Әлем • Кеше
Сицилияда тұрғын үйлер 1 еуродан сатылып жатыр
Әлем • Кеше
Ұрылар 3 млн теңгенің мүлкін қолды еткен
Аймақтар • Кеше
Жөтелді арақ буымен емдеуге бола ма?
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар