Ауыр атлетика • 01 Желтоқсан, 2020

Чемпионат мәресіне жетті

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыр атлетикадан онлайн түрде ұйым­дастырылған Қазақстан чемпионаты мәресіне жетіп, барлық сал­мақтың же­ңімпаздары мен жүл­дегерлері бел­гілі болды.

Чемпионат мәресіне жетті

Ел чемпионатының соңғы жарыс күнінде 102, 109 және 109 килодан жоғары салмақтағы ерлер бақ сынады. 102 килода қарағандылық Артем Антропов қос сайыста 373 (157+216) кило салмақты еңсеріп, жарыс жеңімпазы атанды. Сондай-ақ ол серпе көтеруде Қазақстан рекордын жаңартты. Бұрын бұл жаттығу бойынша ең үздік көрсеткіш Илья Ильинге тиесілі болатын. Ал екінші орынды жуырда ғана Перуде өткен жастар арасындағы онлайн Әлем кубогында топ жарған қызылордалық Рахат Бекболат иеленді. Ол 305 (135+170) кило зілтемірді бағындырды. Үздік үштікті 275 кило көтерген тағы бір қарағандылық спортшы Алексей Литовченко (115+142) түйіндеді.

Сондай-ақ 109 килода Андас Самарқанов (Алматы облысы), +109 килода Ибрагим Берсанов (Шымкент) Қазақстан чемпионы атанды. Ерлер арасындағы жалпыкомандалық есепте Қарағанды, Алматы және Қызылорда облыстары үздік үштікке енді. Әйелдер арасында Алматы облысы көш бастаса, Қызыл­орда және Шығыс Қазақстан облыстары тиісінше екінші, үшінші орындарға ие болды.

 

Соңғы жаңалықтар