2020 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасынан 9 халықаралық әуе рейсі келді.
1 169 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 960 адам, анықтамасыз 209 адам - ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына - 4 рейс, 762 жолаушы, анықтамамен - 616, анықтамасыз - 146.
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс, 285 жолаушы, анықтамамен - 234, анықтамасыз - 51;
Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, 122 жолаушы, анықтамамен - 110, анықтамасыз - 12.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша Мысырдан ұшып келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.
:pushpin: Сонымен қатар, Минскіден ұшып келген Молдова мен Қырғызстан азаматтары, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтамаларды ұсынуларына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды.