"Жатақхананың жалпы аумағы - 2500 шаршы метр. Аумақта 100 контейнер орналасқан, оның 48-і өртенді. Өрт сағат 06.40-та толық сөндірілді. Оқиға орнында 3 адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша олар 1967, 1985, 1970 жылы туған жұмысшылар. Онда барлығы 30 жұмысшы тұрған. Оның 27-сі өрттен 19 шақырым қашықтықта орналасқан асханаға орналастырылды.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен 3 техникасы, "ПОЖМонтажҚұрылыс" ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 9 жұмысшысы мен 2 техникасы, "ПетроҚазақстанҚұмкөлРесурсы" ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері мен 1 техникасы шықты", делінген хабарламада.