Салтанатты рәсімге "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, полковник Нұрлан Алдияров, қолбасшы орынбасарлары, бөлім командирлері мен Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты. Жас сарбаздар әскери ант қабылдағаннан кейін қоян-қолтық ұрыс пен саптық даярлығын көрсетті.
"Тұңғыш Президент күні ант қабылдау біз үшін үлкен мәртебе. Бұл бәрімізге ерекше жауапкершілікті жүктейді. Біз Отанымыздың игілігі үшін әскери борышымызды абыроймен орындаймыз деп сеніммен айта аламын", деді қатардағы жауынгер Айбар Омар.
Енді жас сарбаздар кіші мамандарды даярлау бағдарламасы аясынла жауынгерлік дайындықты бастайды. Олар алты айда артиллерияшылардың, танкисттердің, барлаушылардың, атқыштардың әскери мамандығын меңгереді.