Қазақстан • 02 Желтоқсан, 2020

Шетелден келген 85 адамның ПТР анықтамасы жоқ

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мысыр, БАӘ, Түркия, Қырғызстан және Өзбекстаннан 9 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Шетелден келген 85 адамның ПТР анықтамасы жоқ

1 237 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 152 адам, анықтамасыз 85 адам - ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына - 7 рейс, 1 023 жолаушы, анықтамамен - 947, анықтамасыз - 76;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 2 рейс, 214 жолаушы, анықтамамен - 205, анықтамасыз - 9.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 85 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.