Саясат • 03 Желтоқсан, 2020

Nur Otan қатарына 1,5 мың қазақстандық қосылды

202 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Тұңғыш Президент күні қарсаңында елордада Nur Otan партиясына салтанатты қабылдау өтті. Билеуші партияның қатарына түрлі қызмет салаларындағы белсенді және талантты қазақстандықтар қосылды.

Nur Otan қатарына 1,5 мың қазақстандық қосылды

Партияның баспасөз қыз­метінің мәліметінше, Nur Otan партиясына барлығы 1,5 мыңға жуық азамат кірген.

Партияның жаңа мүше­леріне партия билеттерін табыстай отырып, Nur Otan Төр­ағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Елбасының мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуындағы ерекше рөлін айшықтаудың белгісі екенін атап өтті.

«Елбасының мұқалмас ерік-жігері мен қайсар қажырлығы біздің бәріміз үшін де, болашақ ұрпақ үшін де әрдайым Отан­ға қызмет етудің теңдессіз үл­гісі болады. Тұңғыш Прези­денті­міз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шешімімен елі­міз үшін аса маңызды іргелі іс­тер жүзеге асты: шекарамыз шегенделіп, жаңа елорда­мыз бой түзеді. Семей поли­гонын жабу, этносаралық келі­сімді қамтамасыз ету, на­рық­тық экономика мен заманауи инфрақұрылымды қа­лып­тас­тыру, демографиялық дағ­да­рысты еңсеру сияқты және бас­қа да көптеген мәселелер шешілді», – деді Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және халықтың қолдауының арқасында Nur Otan партиясы уақыт талабына сәйкес өмірлік маңызды реформалар жүргізіп отырған еліміздің жетекші саяси күшіне айналды.

«Елбасы атап өткендей, Nur Otan партиясы әрқашан негізгі үш қағиданы басшылыққа алады және оны берік ұстанады. Бұл – жауапкершілік, бірлік және ортақ мақсатқа деген адалдық. Біз алдағы сайлау науқанына тыңғылықты дайындалдық. Әр өңір, қала және аудандағы әлеуметтік-экономикалық ах­уалды талдау негізінде сай­лауал­ды бағдарламалардың 216 жобасы әзірленді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыра отырып, праймериз барысында халықтан 20 мыңға жуық талап-тілек жиналды. Олардың басым бөлігі партияның алдағы бес жылдық «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сай­лауалды бағдарламасына енгізілді. Алға қойған мақ­саттар мен міндеттерді сапалы жүзеге асыру партияның әрбір мүшесіне байланысты» – деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Nur Otan партиясының қатарына қабылданғандардың арасында травматолог-дәрігер, жоғары санатты ортопед Олжас Бекарысов бар. Ол пандемия кезін­де адамдарға қолұшын со­зып, ел игілігі үшін жұмыс іс­тей­т­індердің қатарында бол­ғы­сы келетіндіктен де партия қата­рын толықтырғанын атап өтті.

Ал заңгер Анар Құ­са­йы­нова­­ның айтуынша, оның пар­тияға кіру себебі адамдарға көмектесуге деген ниетімен бай­ланысты.

«2017 жылы ұлым заңсыз сот­талып, қиын жағдайға тап болды. Қаншама жерге жү­гінсем де нәтиже болмады. Содан кейін Nur Otan пар­тия­сының қоғамдық қабыл­дау бөлмесінен көмек сұра­дым. Партия қолдауымен ұйым­дас­тырылған көптеген кездесу­лердің нәтижесінде іс қайта қолға алынды. Сондықтан да мен партияға саналы түрде, шын ықыласыммен мүше бол­дым. Осы жерде өзім сияқ­ты азаматтардың өмірін жақ­сы жаққа өзгерткісі келе­тін мұ­раттас жандарды кездес­тірдім. Менің адам құқықтары саласындағы көпжылдық тәжі­рибем де кәдеге жарайды деп үміттенемін», – деді ол.

«Мен Қарағанды облысының тумасымын. 23 жастамын, әкем мен атам сияқты шахтер болып жұмыс істеймін. Шахтер болып еңбек ету барлық уақытта да күрделі және қауіпті кәсіп болды. Біз еңбек пен өмірдің нақты құнын білеміз, сондай-ақ әдемі сөздерге емес, нақты істер­ге ғана сенеміз. Праймериз кезін­де мен Шахтинск қаласына ар­налған партия бағдар­лама­сымен таныстым. Мен осы іске араласып, өз қалама пайдасы тиетін азамат болғым келеді. Сондықтан да партияға кіруді жөн көрдім», деді Бауыржан Айтмағамбетов.

Сондай-ақ «Bizbirgemiz» республикалық акциясының белсенді қатысушысы, инженер Данияр Дүкенбаев, Көкше­тау қаласының тумасы, ғалым, «агрономия» мамандығы бо­йынша PHD докторы Марден Байдалин, мәдениет өкілі Асхат Мәден, Ақмола облысы Зеренді ауылының спортшысы Светлана Прокопьева, заң консультанттары палатасы­ның мүшесі Жанар Досетова, Көкшетау қаласынан информатика пәнінің мұғалімі Нияз Талғатұлы және Шымкент қала­­сының жастар ісі жөніндегі уни­верситет комитетінің төр­айымы Айдана Айнабек партия билеттерін алды.