Медицина • 03 Желтоқсан, 2020

218 адамның ахуалы нашар

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 218 адамның ахуалы нашар, деп хабарлайды Egemen.kz

218 адамның ахуалы нашар

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 827 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 904 бала бар. Стационарларда 3 541 науқас жатыр. 10 286 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 218 адамның ахуалы нашар. Солардың ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Өткен тәулікте 8 жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 47 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап науқастар саны – 42 455, өлім жағдайлары - 446, барлығы 30 728 адам сауығып шықты.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше