
Испания билігі бір топ балаға іш ауруын емдейтін омепразол дәрісінің орнына шаштың өсуіне арналған миноксидилді бергенін мойындады. Сөйтіп дәрі-дәрмекке таңба белгісі дұрыс қойылмай, қаладағы бірқатар дәріханаға жеткізілген.
Кейін миноксидилді қабылдаған балаларда гипертрихоз ауруы пайда болып, олардың денесінен түк шыға бастаған. Ата-аналар қала билігіне қатесін мойындауға, дәріні кері қайтаруға және мұндай олқылыққа жол берген зертхананы жабуға 2 ай уақыт кеткен көрінеді.
Аталған жайтқа наразы болған ата-аналар бұл жағдайды көпшілік білгенін қалап, осы жағдайға қатысты тергеу басталған.
Еске сала кетейік, дәл осыған ұқсас тағы бір жайт 2019 жылы Андалусия мен Валенсияда да болған. Зардап шеккен отбасылар зертханаға және бірнеше компанияға препаратты өндіріске импорттағаны және таратқаны үшін және Кантабриядағы екі дәріханаға азаматтық және қылмыстық шағым түсірді.
Айта кетерлігі, гипертрихоз емделмейтін ауру болып саналады. Сондықтан балалардың бұл аурудан жазылатынына ешкім кепілдік бере алмайды.