Кәсіпқой бокс • 04 Желтоқсан, 2020

ТОП-10 боксшының қатарында

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) өзінің кезекті жеңісінен кейін IBF (Халық­аралық бокс федерациясы) тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы ТОП-10 боксшының қатарына қо­сылды.

ТОП-10 боксшының қатарында

Жуырда отандасымыз бір жылдық үзі­лістен кейін шаршы алаңға қайта оралып, намибиялық қарсыласы Джулиус Индонгоны (23-3, 12 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен сұлатып салған-ды. Осы жеңісі арқылы Елеусінов IBF Inter-Continental чемпионы вакантты белбеуінің иегері атанған-ды. Кәсіби мансабындағы алғашқы титулын иеленгеннен кейін жерлесіміз күні кеше жаңарған IBF рейтингінде 9-орыннан көрінді.

Қазіргі таңда бұл салмақтың (66,68 кг) чем­пио­ны америкалық кіші Эролл Спенс саналады. Ал рейтингтің бірінші орнын өзбекстандық былғары қолғап шебері Кудра­тилло Абдукахоров иеленіп тұр. Екін­ші орынға тағы бір америкалық Шон Портер, үшінші орынға ресейлік боксшы Сергей Липинец жайғасқан.