Оқиға • 04 Желтоқсан, 2020

Атырау облысында пияз жеген сиырлар қырылып қалды

2216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұдан бұрын Индер ауданының Жарсуат ауылындағы Қурайлы сай каналы мен Айдын учаскесіндегі егістік алқабында​ 13 мүйізді ірі қараның қырылған еді, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау облысында пияз жеген сиырлар қырылып қалды

"Индер аудандық ветеринариялық инспекциясы мен ветеринариялық стансасының мамандары​ өлген малды​ ережеге сәйкес сойып, тексеру жүргізді. Соның қорытындысында мүйізді ірі қараның пиязды шамадан тыс мөлшерде жеп, ас қорыту жолдары қызметінің нашарлауынан өлгені анықталды. Зертханалық сараптау нәтижесінде малдың ішкі құрылысында нитрат, нитрит және алколоидтің қалыпты жағдайда болған", дейді Индер аудандық әкімінің​ орынбасары Салауат Өтеғұлов.

Қазір Индер ауданының әкімдігі егістік алқабындағы өнімін уақытылы жинамаған  кәсіпкерге әкімшілік шара қолдану туралы аудандық прокуратура мен облыстық жердің қорғалуы мен пайдалануын бақылау басқармасына хат жолдап отыр.