Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен баспасөз брифингте баяндады.
– Қазіргі таңда 5,3 млрд теңгеге 10 жоба іске қосылды. Нәтижесінде, 30,7 млрд теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға артты. Салаға бағытталған инвестиция көлемі 7 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артып отыр, – деді М.Әйтенов.
Спикер Мемлекет басшысы өз Жолдауында елімізде қойма және көлік инфрақұрылымын дамытуды тапсырғанын және осы бағытта Шымкент қаласында 92 гектар жерге сауда-логистикалық аймағы құрылғанын айтып өтті. Мұнда қазір екі компания қызмет көрсетуде. Одан бөлек, 3 логистикалық жобаның құрылысы жүргізіліп отыр.